Accessibility links

Ресей "нацизмді ақтауға" тыйым салмақ


Қабырғаға салынған нацистік свастика суреті мен жазуды өшіріп жатқан адам. Ресей, Петербург, 27 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Қабырғаға салынған нацистік свастика суреті мен жазуды өшіріп жатқан адам. Ресей, Петербург, 27 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей мемлекеттік думасы 23 сәуірде бірден екінші және үшінші соңғы оқылымда нацизмді ақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заңға өзгеріс енгізетін жобаны мақұлдады.

Жоба бойынша, "нацизмді ақтады" деп айыпталғандарға енді 500 мың рубльге дейінгі мөлшерде айыппұл салу, я бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Өзгерістер Ресей қылмыстық кодексі мен қылмыстық процессуалдық кодексіне "нацизмді ақтау" деген баппен енгізіледі.

Заң жобасында нацизмді қызмет өкілетін немесе ақпарат құралын пайдаланып ақтаумен айналысқандарға қолданылатын жаза бұдан да қатаң болатыны айтылған.
XS
SM
MD
LG