Accessibility links

Хиллари Клинтон: Ресейге санкцияны күшейту керек


АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ресейге қарсы санкцияларды көбейтуді қолдайтынын білдірді.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, Клинтон бұл жайлы 23 сәуірде Коннектикут университетінде оқытушылар мен студенттермен өткізген жабық кездесуде айтқан.

Агенттік ақпараты бойынша, бұрынғы мемлекеттік хатшы Украина дағдарысының соңы Ресей үшін "жақсылық әкелмейтініне" сенетінін білдірген. Клинтонның пікірінше, АҚШ пен Еуропа елдері "Ресейге Украинаға басып кірудің құны өлшеусіз болуы үшін" Мәскеуге қарсы "жаңа қысым көрсету шараларын қолдану" қажет.

Хиллари Клинтон 2016 жылы өтетін АҚШ президентінің сайлауына түседі деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG