Accessibility links

Заңгер: Ресейде Жириновскийдің сөзі тексеріледі


Ресейдің Қазақстан заңгеріне ресми жауабы

Ресейдің Қазақстан заңгеріне ресми жауабы

Қазақстандық заңгер Асқар Қаймақовтың сөзінше, оның шағымы бойынша Ресейдің тергеу комитеті ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийге қатысты тексеріс жүргізетінін айтқан.

"Осыдан екі ай бұрын Ресейдің бас прокуратурасына шағым жолдаған едім. Жауапты бүгін ғана алдым" деді Асқар Қаймақов Азаттыққа.

Заңгердің шағымдануына Владимир Жириновскийдің ақпанның 23-і күні Мәскеуде сөйлеген сөзі түрткі болған. Көпшілік алдында саясаткер Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігіне күмән келтіріп, Қазақстан қоғамында дау туғызған еді. Бұл оқиғаның ізінше ақпан айының аяғында Асқар Қаймақов Ресейдің бас прокуратурасына арнайы хат жолдап, Жириновскийдің сөздерінде экстремистік сипат бар-жоғын анықтауын сұраған.

Заңгердің сөзінше, "Владимир Жириновский халық арасында дұшпандық, алауыздық тудырып отыр және сол үшін оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болады".

Қазақстан сыртқы істер министрлігі де 24 ақпан күні Жириновскийдің сөзіне ресми баға беруді сұрап, Ресейдің сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG