Accessibility links

Украинада тағы бір журналист жоғалды


Донецк облыстық әкімшілігі маңында жүрген қарулы адам. Украина, 22 сәуір 2014 жыл.

Донецк облыстық әкімшілігі маңында жүрген қарулы адам. Украина, 22 сәуір 2014 жыл.

Украина бұқаралық ақпарат құралдары Донецк облысында тағы бір журналист - "Репортер" газетінің тілшісі Евгений Гапичтің жоғалып кеткенін хабарлап жатыр.

Соңғы рет ол телефонмен 22 сәуір күні таңертең сөйлесіп, Артемовск қаласынан хабар жолдап, ұзамай фотосурет жіберетінін айтқан.

Журналист Донбассқа іссапарға бауыры Геннадиймен бірге көлікпен шыққан. Бауыры сол күні Горловка қаласындағы туыстарымен сөйлескен. Байланыс үзілер алдында ол әйеліне қауіп төніп тұрғанын білдіретін құпия сөз айтқан.

Соңғы бірнеше күнде Донецкіде бірнеше журналист ұсталған. 13 сәуірде Славянскіде белгісіз адамдар мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жергілікті бөлімшесін басып алу оқиғасынан тікелей хабар таратқан азаматтық журналист Артем Дейнегті пәтерінде тұтқындаған.

16 сәуірде Славянскіде "Ашық диалог" қорының өкілі, журналист Сергей Лефтер ұрланған. 21 сәуірде италиялық журналистер Поль Гого мен Коссимо Аттанасио, белорусь журналисі Дмитрий Галка да ұсталған. Бірақ кейін олар босатылды.

22 сәуірде америкалық Vice news басылымының тілшісі Саймон Островский жоғалып кетіп, әлі табылмай отыр.

Халықаралық Журналистерді қорғау комитеті Украина билігі мен сепаратистерді ақпарат құралдары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ұсталып отырған барлық журналистерді босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG