Accessibility links

Обама: Қытаймен аралға дауда Жапонияны қолдаймыз


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ. Токио, 24 сәуір 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ. Токио, 24 сәуір 2014 жыл.
Азия елдеріне сапары аясында Токиоға барған АҚШ президенті Барак Обама бүгін Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен кездесті. Екі жақ Жапония мен Қытай қарым-қатынасы және Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелер шиеленісіп тұрған тұста қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жайын талқылады.

Обама АҚШ пен Жапония арасындағы альянсты "бүкіл аймақ бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі болады" деп атады. Ол Токио мен Пекин арасындағы Шығыс Қытай теңізіндегі бір топ аралға қатысты территориялық дауда Жапонияны қолдайтынын білдірді.

Обама бұл аралдарға қатысты мәселе АҚШ пен Жапония арасындағы 1960 жылы жасалған қауіпсіздік туралы келісіммен реттелетінін айтты.

АҚШ президенті өз елі мен Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай Солтүстік Кореяны ядролық бағдарламасынан бас тартқызуға ықпал ете алады деген үміті барын білдірді.

Бір апталық сапарында Барак Обама Оңтүстік Корея, Малайзия және Филиппинге барады.
XS
SM
MD
LG