Accessibility links

Прагада "Шығыс әріптестігі" жиыны басталды


ЕО "Шығыс әріптестігі" елдерінің саммиті. Прага, 24 сәуір 2014 жыл.

ЕО "Шығыс әріптестігі" елдерінің саммиті. Прага, 24 сәуір 2014 жыл.

Чехия астанасы Прагада Еуропа Одағының (ЕО) "Шығыс әріптестігі" деп аталатын бағдарламасына мүше елдері басшыларының екі күндік жиыны басталды.

Жиынға Армения, Әзербайжан, Грузия, Молдова президенттері, Украинаның сыртқы істер министрі қатысып отыр. "Шығыс әріптестігіне" мүше Беларусь "жиынға президент Александр Лукашенко шақырылмағаны үшін" байкот жариялаған.

"Шығыс әріптестігі" жиынына бұған қоса Чехия, Австрия, Литва, Польша және Словакия өкілдері де қатыспақ.

Жиында соңғы айларда Украинадағы жағдайлардың шиеленіскеніне қарамастан мүше елдер арасындағы байланыстарды күшейту жайы талқыланбақ.

Сәуірдің соңында Молдова мен ЕО арасында визасыз режим енгізілмек. Ал маусымда Молдова мен Грузия ЕО-мен ассоциация туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.

Ресей "Шығыс әріптестігі" бағдарламасына қарсылық білдіріп, көршілес елдерді Кеден Одағына кіргізгісі келеді.
XS
SM
MD
LG