Accessibility links

Украинада ұсталған америкалық тілші босатылды


Америкалық журналист Саймон Островский.

Америкалық журналист Саймон Островский.

Ресейшіл сепаратистер Украинаның шығысында 21 сәуір күні ұстап алған журналист - Vice News басылымының журналисі Саймон Островскийдің босатылғаны туралы ақпарат 24 сәуір күні тарады. Vice News "журналистің ахуалы жақсы" деп хабарлады. Островскийдің қалай ұсталғаны және босатылғаны туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.

France Press агенттігіне Островский өзін ұстағандар әуелде көзін таңып, қолын байлап, ұрып-соққанымен, "жағдайы қалыпты" екенін айтқан. Тілшінің сөзінше, бір жарым күннен соң ұстағандар оған "дұрыс қарай" бастаған.

Славянскінің өзін-өзі жариялаған мэрі Вячеслав Пономарев ресейлік Gazeta.ru агенттігіне 23 сәуір күні "Островский үкімет жақтастарының ресейшіл сепаратистерге шабуылдағаны үшін ұсталғанын" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG