Accessibility links

Сот Навальныйдың үйқамақ мерзімін ұзартты


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный (оң жақта) мен оның інісі Олег Навальный сот залында. Мәскеу, 24 сәуір 2014 жыл.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный (оң жақта) мен оның інісі Олег Навальный сот залында. Мәскеу, 24 сәуір 2014 жыл.
Мәскеу аудандық соты ресейлік оппозиционер және коррупциямен күресуші Алексей Навальныйдың үйқамақ мерзімін алты айға ұзартты. Сот отырысы кезінде тергеушілер бұлтартпау шарасы ретінде Навальныйды алдын-ала қамауға алуды сұраған.

Оппозиционер мен оның інісі Олег Навальныйдің үстінен "транспорт фирмасын иеленіп тұрған кездерінде екі компанияда алаяқтық әрекеттер жасады" деген айыппен тергеу жүріп жатыр.

Блогердің сайтындағы 22 сәуір күні жарияланған ақпаратқа қарағанда, "зардап шегуші тарап ретінде танылған Yves Rocher компаниясы прокуратураға арыз жазып, компанияға қарсы алаяқтық әрекеттер жасалмағанын және ондай әрекеттерден зардап шекпегенін айтқан".

Үйқамақта отырған Алексей Навальный интернетке кіруіне тыйым салынғанын айтады. Оның сөзінше, прокуратура оған Yves Rocher-дің хатын жариялауына кедергі келтірмек болып отыр.
XS
SM
MD
LG