Accessibility links

Одессада жарылыстан жеті адам жараланды


Одесса картасы. (Көрнекі сурет).
Одесса картасы. (Көрнекі сурет).
Украинаның Қара теңіз жағалауындағы Одесса қаласына жақын жердегі өткізу-бақылау бекетінде 25 сәуірге қараған түні жарылыс болып, жеті адам жараланды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, ауыр жарақат алғандар жоқ. Оқиға қазір тексеріліп жатыр.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, өткізу-бақылау бекеті жанынан өткен көліктен белгісіз біреулер бомба лақтырған.

Reuters агенттігінің хабарлауына қарағанда, одессалықтар Молдованың бүлікшіл Приднестровье аймағынан ресейшіл сепаратистердің еніп кетпеуі үшін қала маңына бірнеше жерден өткізу-бақылау бекетін орнатқан.

НАТО өткен айда "Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін Молдованың Приднестровье аймағын басып алуы мүмкін" деп ескерткен.
XS
SM
MD
LG