Accessibility links

Назарбаев Астананың дамуына қатысты сын айтты


Астана қаласының картасы. (Көрнекі сурет).

Астана қаласының картасы. (Көрнекі сурет).

25 сәуір күні Қазақстан ақпарат агенттіктері "Президент Нұрсұлтан Назарбаев Астананың дамуына арналған кеңесте қаладағы кейбір әлеуметтік инфрақұрылымдардың қызметін сынады" деп хабарлады.

Жиында Назарбаев қаланың орталығымен қоса шеткі көшелерін де көркейту қажеттігін айтқан. "Астананың маңы дәл орталығындай болуы тиіс демеймін. Бірақ ол соншалықты аянышты күйде болмауы керек" деген Назарбаев.

Қазақстан президенті бұған қоса Астана базарларындағы санитарлық жағдайдың нашарлығы мен "салық төленбейтінін" сынаған.

"Қазір азық-түлік тауарларын сататын 15 базардың үштен бірінде уәкілетті органдар берген сапа туралы қорытынды жоқ. Сондықтан олар салық та төлемейді, қалай болса, солай жұмыс істейді. Тек бір ғана "Еуразия" базарының өзі бір миллиард теңгенің салығын төлемеген. "Шанхай" базарында антисанитарлық жағдай қалыптасқан. Сондықтан әкімдік, қаржы министрлігі мен тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі қала базарларын тәртіпке келтірсін" деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев қала экономикасына тартылып жатқан шетел инвестициясының да аз екенін айтып, қала әкімдігі мен үкіметке инвестиция салудағы кедергілерді жоюды тапсырған.
XS
SM
MD
LG