Accessibility links

Краматорскіде тікұшақ жарылды


Украин сарбаздарының төбесінен өтіп бара жатқан тікұшақ. Краматорск, 16 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украин сарбаздарының төбесінен өтіп бара жатқан тікұшақ. Краматорск, 16 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Донецк облысының Краматорск қаласындағы аэродромда "Ми-8" тікұшағы жарылды деп хабарлайды Украинаның әскери-саяси зерттеулер орталығының басшысы Дмитрий Тмичукке сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдары.

Ақпараттарға қарағанда, тікұшақ қарудан атқыланып, жарылған. Оқиғадан қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы әзірге дерек жоқ.

"Новости Краматорск" порталының хабарлауынша, қазір аэродром территориясына ешкімді өткізбейді.
XS
SM
MD
LG