Accessibility links

Ресей "халықаралық көмегін" ТМД елдеріне бұрмақ


ТМД мен Кеден Одағы құрамындағы Беларусь, Ресей және Қазақстан премьер-министрлері (солдан оңға) - Дмитрий Медведев, Михаил Мясникович, Кәрім Мәсімов. Мәскеу, 15 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
ТМД мен Кеден Одағы құрамындағы Беларусь, Ресей және Қазақстан премьер-министрлері (солдан оңға) - Дмитрий Медведев, Михаил Мясникович, Кәрім Мәсімов. Мәскеу, 15 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей халықаралық көмек көрсету агенттігінің (Россотрудничество) басшысы Константин Косачев "Мәскеудің халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағдарламасында ТМД елдерімен байланыс бірінші кезекке қойылды" деп хабарлады.

Ол "Коммерсант" газетіне берген сұхбатында "Бірінші кезекте жақын көршілермізге назар аударамыз" деген. Ол бұған қоса Ресей көмекті тек "әлемдік проблемаларды шешу мақсатында ғана емес, Ресейдің ұлттық мүдделерін іске асыратындай етіп жасауы қажет" дейді.

Косачев Украина халқы соңғы жылдарда Ресейдің бұл елге көрсеткен көмегінен хабарсыз екенін айтқан. "Украиндықтардың көпшілігі Ресей тек киліге бергеннен басқа Украинаға көмек көрсеткен емес деп сезінеді. Бұл - мүлдем қате пікір" деген Косачев.

Ол Ресей Дүниежүзілік банк арқылы қаржылай көмек көрсеткенде "ресейліктер емес, америкалықтар немесе еуропалықтар ғана көмек көрсетіп жатқандай көрінетінін" айтқан.
XS
SM
MD
LG