Accessibility links

Обама Солтүстік Кореяға ескерту жасады


Обама Оңтүстік Корея солдаттарының алдында сөйлеп тұр. Сеул, 26 сәуір 2014 жыл.

Обама Оңтүстік Корея солдаттарының алдында сөйлеп тұр. Сеул, 26 сәуір 2014 жыл.

Обама Солтүстік Кореяға ядролық қаруға қатысты ескерту жасады. Ол "АҚШ Азиядағы одақтастарын қорғауға қажеттілік туған жағдайда әскери күш қолданатынын" айтып, Солтүстік Кореяға ядролық қатер тудырмау туралы ескертті.

Обама бұл мәлімдемесін 26 сәуір күні, Оңтүстік Кореяға сапары кезінде жасады. Ол "Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы бұл елді қалған әлемнен бұдан ары оқшаулайтынын" айтты. Обама екі Корея арасындағы шекараны "бостандық пен диктатура шекарасы" деп атады.

Пхеньян қазір ядролық сынақтар жасауға дайындалып жатыр. АҚШ мониторинг агенттігі бұл елдің ядролық полигондарындағы белсенділікті байқаған.
XS
SM
MD
LG