Accessibility links

АҚШ-тың төрт оқытушысын Ресейден шығарды


Чебоксары қаласы. (Көрнекі сурет)

Чебоксары қаласы. (Көрнекі сурет)

Ресей "америкалық құндылықтарды насихаттаған" төрт АҚШ оқытушысын территориясынан шығарды.

Ресейдің Чебоксары қаласының соты төрт АҚШ азаматын елден шығаруға шешім қабылдады. Оларға "туристік виза талаптарын бұзды" деген айып тағылды.

25 сәуір күні шыққан сот үкімінде АҚШ азаматтарының жергілікті ЖОО-да ағылшын тілінен сабақ беріп жүріп, "америкалық құндылықтарды насихаттағаны" айтылған.

Сот олардың әрқайсысына 2000 рубль көлемінде айыппұл салған. Төрт адамның біреуі әйел екені, оның Ресейге Бейбітшілік корпусы құрамында 2001 жылы келгені хабарланды. Ақпараттарда олардың аты-жөндері айтылмаған.

2002 жылы Ресей Бейбітшілік корпусының осы елдегі қызметіне тыйым салды. Ресей федералдық миграция қызметі оларды "Ресей аймақтарынан әлеуметтік, саяси, экономикалық ақпарат жинайды" деп айыптаған еді.
XS
SM
MD
LG