Accessibility links

Иракта сайлау учаскелеріне шабуыл жасады


Бағдаттың шииттер тұратын бөлігінде жарылыстан кейінгі көрініс.

Бағдаттың шииттер тұратын бөлігінде жарылыстан кейінгі көрініс.

Иракта сенбі күні үш сайлау учаскесіне шабуыл жасалды. Бағдаттан солтүстікке қарай орналасқан Салахеддин провинциясындағы шабуылда төрт сарбаз мерт болып, екі сайлау учаскесі жанында бомбалар жарылған.

Елдің оңтүстігінде Анбар провинциясындағы Каим кентінде болған жарылыс салдарынан сайлау учаскесі орналасқан мектеп ғимараты толық қираған.

Ирак астанасының шығыс бөлігінде мейрамханадағы жарылыста төрт адам өліп, 11 адам жараланған. Сол күні Бағдаттың әл-Амил ауданында белгісіз біреулер азаматтарға оқ жаудырып, екі адамды мерт қылған. Ол оқиғада үш адам жараланған.

30 сәуір күні Иракта парламент сайлауы өтпекші. Бұл осы елден АҚШ әскері шыққалы бері өткізілгелі отырған алғашқы сайлау болмақ.
XS
SM
MD
LG