Accessibility links

Обама Ресейге жаңа санкциялар енгізуді қолдады


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама Ресейді Украина дағдарысына байланысты Женевада жасалған келісімді орындамай отыр деп сынады.

«17 сәуір күні Женевада Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа Одағы дипломаттарының кездесуі өткелі бер Ресей саусағының ұшын да қимылдатқан жоқ» деп мәлімдеген Обама. Ол Ресей билігіне қарсы жаңадан халықаралық санкциялар енгізуді қолдаған. «Біз үшін ары қарайғы қадамдар жасап, Украинаның шығысындағы ресейшіл күштерге ықпал ету үшін Мәскеуге жолдау жөнелту маңызды» деген Обама.

АҚШ президенті бұл сөзін Малайзияда сапарда жүргенде айтқан. Куала-Лумпурде өткен келіссөздер қортындысы бойынша малазиялық премьер-министр Наджиб Разак президент Обамамен екі ел арасындағы қарым-қатынастарды «бәрін тұтас қамтитын әріптестік» деңгейіне көтеру туралы келіскенін хабарлады.
XS
SM
MD
LG