Accessibility links

Оңтүстік Корея премьері қызметтен кететінін мәлімдеді


Кеме апатынан туыстарын жоғалтқан адамдар жылап отыр. Оңтүстік Корея, 22 сәуір 2014 жыл.

Кеме апатынан туыстарын жоғалтқан адамдар жылап отыр. Оңтүстік Корея, 22 сәуір 2014 жыл.

Оңтүстік Кореяда Sewol жолаушылар паромының апатқа ұшырауына байланысты сынға қалған үкімет басшысы Чон Хон Вон қызметтен кететіні туралы мәлімдеді.

Ол көп адам қаза болған қайғылы жағдайға «тереңге тамыр жайған зұлымдық» пен жемқорлықты кінәлады. Премьер-министр апаттың алдын алуға және қалыптасқан жағдайда міндетін дұрыс атқаруға қабілетсіздік танытқаны үшін жеке өзі кешірім сұрайтынын айтты.

Кеме апаты болған аймақтағы аралда қаза тапқандар мен хабарсыз кеткендердің туыстары Чон Хон Вон ол жерге барғанда оған дөрекі сөздер айғайлаған еді. Чон жақын туыстарын жоғалтқан адамдардың қайғысы мен халықтың наразылығын көріп, түйсінгендіктен, Оңтүстік Корея жағалауына тақау теңізде болған қайғылы оқиға үшін бүкіл жауапкершілікті үкімет басшысы ретінде өз мойнына алып, отставкаға кететінін жариялады.

476 адам, негізінен мектеп оқушылары мінген паром 16 сәуір күні апатқа кезігіп, суға батып кеткен еді. Қазіргі кезге дейін 187 адамның мәйіті табылған. Ондаған адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті.

Кеме капитаны мен командасының көптеген мүшелері тұтқындалды. Олар қызмет міндетіне салғырт қарағаны және қиын жағдайда жолаушыларды тастап кеткені, оларды ажалдан алып қалуға талпыныс жасамағандары үшін жауапқа тартылады.
XS
SM
MD
LG