Accessibility links

Славянскіде ЕҚЫҰ бақылаушыларының бірі босатылды


ЕҚЫҰ өкілі тұтқыннан босатылған ұйым бақылаушысымен бірге Славянск мэриясы аумағынан шығып барады. Украина, 27 сәуір 2014 жыл.
ЕҚЫҰ өкілі тұтқыннан босатылған ұйым бақылаушысымен бірге Славянск мэриясы аумағынан шығып барады. Украина, 27 сәуір 2014 жыл.
Украинаның шығысындағы Славянск қаласында ресейшіл сепаратистер тұтқынға алған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) сегіз бақылаушысының бірі 27 сәуір күні босатылды. Журналистердің ақпараты бойынша, бақылаушы ұйым көлігіне жеткізіліп, одан ары қауіпсіз жаққа әкетілген.

Сепаратистер өкілі Стелла Хорошева ұсталған Швеция азаматының "денсаулығына байланысты" босатылғанын айтады. Хорошеваның сөзіне қарағанда, бақылаушы диабеттің жеңіл түрімен ауырады.

25 сәуір күні ресейшіл сепаратистер ұстап алған ЕҚЫҰ-ның сегіз бақылаушысы сәуірдің 27-сі күні алғаш рет көпшілікке көрсетілген еді. Өзін өзі Славянскінің мэрі деп жариялаған Вячеслав Пономарев бақылаушыларды "әскери тұтқындар" деп атаған.

ЕҚЫҰ-ның бір топ өкілі Славянскіге тұтқындағыларды босату үшін келіссөздер жүргізуге өткен аптаның соңында барған.
XS
SM
MD
LG