Accessibility links

"Таяу Шығыс вирусынан" тағы екі адам көз жұмды


Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері "Таяу Шығыс вирусын" жұқтырған адаммен сөйлесіп тұр. Мамыр, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері "Таяу Шығыс вирусын" жұқтырған адаммен сөйлесіп тұр. Мамыр, 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Адам денсаулығына аса қауіпті "Таяу Шығыс вирусын" жұқтырғандар саны артып барады. Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 26 сәуір күні жұқпалы дерттен тыныс алу жолдары синдромына шалдыққан тағы екі адам (бірі - Джиддада, екіншісі - Эр-Риядта) көз жұмған. Бұл вирустан қайтыс болғандар саны осымен 94 адамға жетті.

Министрліктің хабарлауынша, вирус табылған 2012 жылдың қыркүйегінен бері одан 323 адам қайтыс болған. Әдеттегі салқын тию және тыныс алу жолдарының синдромы сияқты белгісі бар вирус коронавирустар тобына жатады. Коронавирустан 2003 жылы әлемде 800-ге тарта адам қайтыс болған еді.

"Таяу Шығыс вирусымен" ауырғандардың көпшілігі Сауд Арабиясында тіркелген. Вирусқа қарсы вакцина әлі жасалған жоқ. Аурудың қалай таралатыны да әзірге белгісіз.
XS
SM
MD
LG