Accessibility links

Донецкіде сепаратистер телеорталықты басып алды


Украинаның шығысындағы Донецк қаласында ресейшіл сепаратистер телехабар тарату орталығын басып алды. Ғимарат төбесіне өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" туы тігілді. Орталыққа шабуыл жасағандар арасында бетперде мен камуфляж киіп алған ондаған ер адам болған. Олар Украина мемлекеттік телеарналарының хабарын таратуды тоқтатып, ресейлік телеарналарды трансляция жасайтындарын мәлімдеген.

Бұған дейін қала орталығында жүздеген адам шеру өткізіп, "Ресей!", "Референдум!" деп ұрандатқан еді. Сепаратистер мамыр айының басында аймақтың Украинадан бөлінуі туралы референдум өткізу ниеттері барын мәлімдеген.

Сепаратистер қазір облыстық мэрия мен Донецк қалалық әкімшілігін және Украинаның шығысындағы бірнеше қалада үкімет ғимараттарын бақылауда ұстап отыр.
XS
SM
MD
LG