Accessibility links

Сирияның химиялық қаруы әлі толық жойылмады


Сирияның химиялық қаруын жою процесіне жетекшілік ететін арнайы миссиясы басшысы Зигрид Кааг. 11 ақпан 2014 жыл.

Сирияның химиялық қаруын жою процесіне жетекшілік ететін арнайы миссиясы басшысы Зигрид Кааг. 11 ақпан 2014 жыл.

Сирияның химиялық қаруын жою процесіне жетекшілік ететін арнайы миссия басшысы Зигрид Каагтың айтуынша, Сирияда мәлім болған химиялық қарудың әлі сегіз пайызы қалып қойған. Дамаск химиялық улы заттарды белгіленген мерзімі - 27 сәуірде толық тапсыра алмады.

Дамаскіде өткен баспасөз жиынында Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым өкілі Зигрид Кааг тараптар соңғы мерзім - 30 маусымға дейін қалған сегіз пайыз химиялық қару-жарақты түгелдей жояды деген сенім білдірді.

Сирия үкіметі өткен жылы тамызда Дамаск маңында химиялық қарудан жасалған шабуылдан жүздеген адам мерт болған соң АҚШ-тың әскери қысымымен өзінің химиялық арсеналын тапсыруға мәжбүр болған.

Сирия белсенділері мен көптеген елдер химиялық шабуылды Сирия үкіметі жасады деп санайды, бірақ Дамаск шабуылға қатысы барын жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG