Accessibility links

Күрестен Қазақстан құрамасы Азияда екінші орын алды


Қазақстандық балуан, грек-рим күресінен 98 килограмм салмақта Азия чемпионы Ерұлан Ысқақов. Астана, 27 сәуір, 2014 жыл

Қазақстандық балуан, грек-рим күресінен 98 килограмм салмақта Азия чемпионы Ерұлан Ысқақов. Астана, 27 сәуір, 2014 жыл

Астанада 23-27 сәуір аралығында күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында Қазақстан бес алтын, екі күміс, жеті қола медаль алып, жалпы командалық есеп бойынша екінші орынды иеленді.

Грек-рим күресінен 85 килограмм салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Тұрсынов финалда өзбек спортшысы Рустам Асакаловты ұтып, Азия чемпионы атанды.

98 килограмм салмақта Ерұлан Ысқақов финалда жапон балуаны Акира Осаканы жеңіп, алтын медаль иеленді.

71 килограмм салмақта Мақсат Ережепов финалда Лондон олимпиадасының чемпионы, кореялық спортшы Джун Джихьюннан ұтылып, күміс медаль алды.

Әйелдер күресінен 53 килограмм салмақта Татьяна Аманжол финалда моңғол атлеті Нарангэрэл Эрдэнэсүхті ұтып, жеңімпаз атанды. Ол осымен үшінші рет Азия чемпионы атанып отыр.

75 килограмм салмақ дәрежесінде Гюзаль Манюрова да Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Ол финалда қытайлық спортшы Чжоу Фэнді ұтты. Осылайша, Манюрова Азияның төрт дүркін чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2010, 2011 және 2012 жылдары Азия чемпионатын ұтқан.

Еркін күрестен 57 килограмм салмақта күрескен Расул Қалиев Азия чемпионы болды. Ол финалда моңғол балуаны Дамдинбазар Цонгбатарды ұтты. 86 килограмм салмақта күрескен Аслан Кахидзе финалда ирандық Мейсам Жоукардан жеңіліп, күміс жүлде иеленді.

Жалпы командалық есепте Иран құрамасы жеті алтын, бір күміс, үш қола алып, бірінші орынды иеленді.

Енді Қазақстан балуандары қыркүйек айында Инчхонда (Оңтүстік Корея)
өтетін Азия ойындарына қатысады.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG