Accessibility links

ЕҚЫҰ бақылаушысын босату


Украинаның шығысындағы Славянск қаласында ресейшіл сепаратистер тұтқындаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сегіз бақылаушысының бірі босатылды. Оны ЕҚЫҰ көлігіне отырғызып, қауіпсіз жаққа алып кеткен. Сепаратистер өкілі Стелла Хорошева ұсталған Швеция азаматының «денсаулығына байланысты» босатылғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, бақылаушы «диабеттің жеңіл түрімен ауыратындықтан» оны босатқан. 25 сәуір күні ресейшіл сепаратистер ұстаған ЕҚЫҰ-ның сегіз бақылаушысы сәуірдің 27-сінде алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Өзін өзі Славянскінің мэрі деп жариялап алған Вячеслав Пономарев бақылаушыларды «әскери тұтқындар» деп жариялап, оларды Киевте ұсталған ресейлік белсенділерге айырбастағысы келетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG