Accessibility links

Байқоңырдан "ҚазСат-3" спутнигі ұшырылды

Қазақстандық "ҚазСат-3" және ресейлік "Луч-5В" спутниктері тиелген "Протон-М" зымыран тасығышы ғарыш айлағында тұр. Байқоңыр, 28 сәуір 2014 жыл. ("Роскосмос" агенттігінің Youtube-тегі каналынан скриншот)

Байқоңыр ғарыш айлағынан 28 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 10.25-те қазақстандық "ҚазСат-3" спутнигі тиелген ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырылды.

"Протон-М" зымыран тасығышы ғарышқа қазақстандық спутникпен қоса ресейлік "Луч-5В" спутнигін де алып ұшқан.

Жоспар бойынша "ҚазСат-3" енді бірнеше сағаттан соң зымыран тасығыштан ажырап, орбитаға шығуы тиіс.

Қазақстан 2006 жылы "ҚазСат-1", 2011 жылы "ҚазСат-2" спутнигін ғарышқа ұшырған. Қызмет ету мерзімі он жылға жарамды делінген "ҚазСат-1" екі жылдан кейін істен шығып қалды. "ҚазСат-2" спутнигі қазір бірқалыпты жұмыс істеп тұр.
XS
SM
MD
LG