Accessibility links

Украина: Тағы бір қалада полиция кеңсесін басып алды


Донецк көшелерінде жүрген ресейшіл сепаратистер. Донецк облысы, Украина, 27 сәуір 2014 жыл.

Донецк көшелерінде жүрген ресейшіл сепаратистер. Донецк облысы, Украина, 27 сәуір 2014 жыл.

Украинаның Television News Service телеарнасы 28 сәуірде Донецк облысындағы Константиновка қаласында бір топ қарулы адам полиция бекетін басып алғанын хабарлады.

Телеарна ақпаратына қарағанда, қарулы топ полиция бөлімшесіне басып кіріп, қызметкерлерді ғимаратқа кіргізбей қойған. Бірақ қарулы адамдар әзірге ешқандай талап қоймаған.

Кейбір ақпараттар бойынша, қарулы адамдар бұған қоса қала орталығын да басып алған.

Константиновкада 100 мыңға жуық халық тұрады және ол Донецк қаласынан 60 километр қашықтықта орналасқан.

Ресейшіл сепаратистер бұған дейін Украинаның шығысындағы бірнеше қалада үкімет ғимараттарын басып алған еді.
XS
SM
MD
LG