Accessibility links

Славянскіде ЕҚЫҰ бақылаушыларының бірі босатылды


ЕҚЫҰ бақылаушысын босату
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:59 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: ЕҚЫҰ бақылаушысын босату

Украинаның шығысындағы Славянск қаласында ресейшіл сепаратистер тұтқынға алған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) сегіз бақылаушысының бірі 27 сәуір күні босатылды. Журналистердің ақпараты бойынша, бақылаушы ұйым көлігіне жеткізіліп, одан ары қауіпсіз жаққа әкетілген.

Сепаратистер өкілі Стелла Хорошева ұсталған Швеция азаматының "денсаулығына байланысты" босатылғанын айтады. Хорошеваның сөзіне қарағанда, бақылаушы диабеттің жеңіл түрімен ауырады.

25 сәуір күні ресейшіл сепаратистер ұстап алған ЕҚЫҰ-ның сегіз бақылаушысы сәуірдің 27-сі күні алғаш рет көпшілікке көрсетілген еді. Өзін өзі Славянскінің мэрі деп жариялаған Вячеслав Пономарев бақылаушыларды "әскери тұтқындар" деп атаған.

ЕҚЫҰ-ның бір топ өкілі Славянскіге тұтқындағыларды босату үшін келіссөздер жүргізуге өткен аптаның соңында барған.
XS
SM
MD
LG