Accessibility links

Министр: Қашағаннан мұнай биыл өндірілмейді


Қашаған кенішіне салынған жасанды аралдағы инфрақұрылым. (Көрнекі сурет).

Қашаған кенішіне салынған жасанды аралдағы инфрақұрылым. (Көрнекі сурет).

Қашаған кенішінен мұнай 2016 жылы өндіріле бастауы мүмкін. Кенішті игерумен айналысып жатқан North Caspian Operating Company концернінің хабарлауына қарағанда, таяуда кеніш құбырларына жүргізілген сараптаманың алдын ала нәтижелері бойынша, құбырды түгелдей ауыстыру қажет. Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың мәлімдеуінше, кеніштен мұнай өндіру ең ерте дегеннің өзінде 2015 жылдың соңында басталуы ықтимал.

Каспий теңізінің астымен өтетін 90 километр екі құбырдан өткен жылы қыркүйек айында, кеніштен алғаш мұнай өндіріле бастағаннан көп ұзамай ақау табылған еді. Құбыр мұнайдан шығатын улы газдан зақымданып, мұнай өндіру тоқтатылған.

Қашаған кенішіндегі өндіруге болатын мұнай қоры - 13 миллиард баррель. Бірақ кенішті игеру жобасы белгіленген мерзімнен 10 жылға кешігіп отыр. Кенішті игеру құны әуелде 50 миллиард АҚШ долларына бағаланған. Бірақ кейін ол сома 135 миллиард АҚШ долларына дейін көбейді.
XS
SM
MD
LG