Accessibility links

KazEOSat-1 спутнигін ұшыру кейінге шегерілді


Бүгін Астана уақытымен сағат 7:35-те ұшырылады жоспарланған қазақстандық KazEOSat-1 Жерді қашықтан зондылау спутнигін ұшыру ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қазақстандық спутник еуропалық "Вега" зымыран тасығышы арқылы Оңтүстік Америкадағы француздық Гвиаданадағы "Куру" ғарыш айлағынан ұшырылады деп жоспарланған. Ұшыруды жүзеге асыратын француздық Arianspace компаниясының президенті Стефан Израельдің айтуынша, күшті жел ұшырылымның кейінге шегерілуіне себеп болған.

Ұшырылым әзірге бір тәулікке, яғни 30 сәуірге кейінге шегерілген.

Кеше, 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышымен қазақстандық "ҚазСат-3" спутнигі ұшырылған еді. Спутник ұшырылғаннан бірнеше сағаттан соң Жер орбитасына шығарылған.
XS
SM
MD
LG