Accessibility links

Солтүстік Корея әскери жаттығу бастады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Оңтүстік Корея әскерилері "Солтүстік Корея екі ел арасындағы даулы шекара аймағына жақын маңда әскери жаттығу бастағанын" хабарлады.

Екі Корей мемлекеті де Оңтүстік Кореяға жақын аралдарда және Сары теңіздің Солтүстік Кореяға жақын тұстарында тұрақты түрде әскери жаттығулар өткізіп тұрады.

Оңтүстік Корея өткен айда солтүстігіндегі теңізде әскери жаттығу өткізген еді. Оған оңтүстіктегі шекараға жақын аймаққа Солтүстік Корея артиллериясынан атылған снарядтың түсуі себеп болған.

2010 жылы Оңтүстік Корея артиллерияның қатысуымен әскери жаттығу өткізгеннен кейін Солтүстік Корея Оңтүстік Корея жағын атқылап, төрт адам қаза тапқан еді.
XS
SM
MD
LG