Accessibility links

Өзбекстандағы АҚШ елшісі Қазақстанға ауысады


Джордж Крол.

Джордж Крол.

Барак Обама АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі Джордж Кролды Вашингтонның Қазақстандағы елшісі қызметіне ұсынды. Крол АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Фэйрфакстың орнын басуы тиіс. Фэйрфакстың үш жылдық елшілік қызметі қазан айында аяқталған еді.

Крол орыс тілінде сөйлейді. 2011 жылдан бері Ташкентте АҚШ елшісі қызметін атқарып келді. Ол 2003-2006 жылдар аралығында АҚШ-тың Беларусьтегі елшісі болған. Кролдың кандидатурасын енді АҚШ Сенаты бекітуі керек. Әзірге оның орнына басқа балама ұсынылған жоқ.
XS
SM
MD
LG