Accessibility links

Славянскідегі операция аяқталды


Тұтқындалған ресейшіл белсенділер. Славянск, 2 мамыр 2014 жыл.

Тұтқындалған ресейшіл белсенділер. Славянск, 2 мамыр 2014 жыл.

Украинаның ұлттық гвардия қолбасшысы Степан Полторакке сілтеме жасаған ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі Славянск қаласы сепаратистерден толық тазартылды деп хабарлады. Полторактың сөзінше, операция кезінде ұлттық гвардиядан ешкім зардап шекпеген.

Славянскіге кіретін жолдар жабылғаны, қаланың толық қоршалғаны хабарланды.
Украин билігі ондағы ресейшіл белсенділерден заңсыз ұстап отырған азаматтарды босатуын, қаруларын өткізіп, берілуін талап еткен.

2 мамыр күні басталған операция кезінде украинаның екі "Ми-24" тікұшағын сепартистер атып түсіріп, екі адамды мерт еткен, бірнешеуін жаралаған. Славянскідегі ресейшілдердің сөзінше, операция кезінде олардың бір белсендісі қаза тауып, біреуі жараланған.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонның хатшысы Майя Коцьянчич 2 мамырда ЕО-ның Украинадағы оқиғаларға алаңдап отырғанын, ресейшіл белсенділерді басып алған әкімшілік ғимараттарын қайтарып беруге, кепілген алған адамдарды босатуға шақыратынын айтты.
XS
SM
MD
LG