Accessibility links

Сепаратистер Луганск прокуратурасынан шықты


Украинаның Луганск облысындағы ресейшіл сепаратистер облыстық прокуратура ғимаратынан шықты деп хабарлады Украина ішкі істер министрі. Ғимарат өткен түнде билік пен сепаратистер арасындағы ұзаққа созылған келіссөзден кейін босатылған.

«Украинская правда» басылымының облыстық прокурор баспасөз хатшысы Марина Брагинаның сөзіне сүйеніп хабарлауынша, ғимаратты босату кезінде ешкім зардап шекпеген, мекеме қызметкерлері түстен кейін жұмысқа шығады.

Сепаратистер Луганск облыстық прокуратурасы ғимаратын 29 сәуірде басып алған.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG