Accessibility links

Ақтауда екі сарбаз қастандық құрбаны болған


Қазақстандық теңіз жаяу әскер бригадасының сарбаздары. Ақтау, 13 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандық теңіз жаяу әскер бригадасының сарбаздары. Ақтау, 13 сәуір 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтауда жұма күні өлі күйінде табылған екі сарбаз осындағы №25744 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша қызмет атқарған деп хабарлады Қазақпарат. Бұл бөлім - Қазақстандағы жалғыз теңіз жаяу әскері бригадасы.

«Өрт шыққан пәтерден табылған әскери қызметкерлердің денелерінде қасақана өлтірілгенін дәлелдейтін белгілер бар. Бұл іспен Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Барлық материалдар соларда» деген Ақтау гарнизоны әскери прокурорнының орынбасары Қасен Рахматуллин.

Облыстық ішкі істер департаменті әзірге бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпарат берген жоқ.

2 мамыр күні кешке қарай Ақтаудағы 4-шағын аудандағы пәтерлердің бірінен түтін шығып жатқанын байқаған тұрғындар хабар берген. Пәтерден екі ер адамның мәйіті табылған. Көршілердің айтуынша, бұл пәтерде келісімшарт негізінде әскери қызмет атқаратын екі жігіт жалдап тұрған.
XS
SM
MD
LG