Accessibility links

Одессада құрбан болғандарды аза тұтып жатыр


Одессадағы қақтығыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:03:02 0:00

ВИДЕО: Одессадағы қақтығыс. 2 мамыр 2014 жыл.

Одессада жұма күні қақтығыстар салдарынан ондаған адамның құрбан болуына байланысты үш күндік аза тұту жарияланды.

2 мамыр күні ресейшіл белсенділер мен Украинаның біртұтастығын қолдап шеруге шыққандар арасында қақтығыс болып, қаладағы бес қабатты Кәсіподақтар үйі ғимаратында өрт шыққан. Куәгерлердің сөзіне сілтеме жасаған «Украинская правда» басылымының хабарлауынша, Кәсіподақтар үйі жағынан қарудан атқан дыбыстар естілген, ізінше ғимаратта өрт тұтанған. УНИАН тілшісі бес қабатты ғимараттың екінші және төртінші қабатында өрт шыққаны туралы хабарлады. Кейбір ақпараттар бойынша, ғимараттан «Украинаның тұтастығы үшін» шеруіне шыққандарға қарата оқ атылған.

Украина ішкі істер министрлігі кемінде 37 адамның қаза болғанын, олардың кейбірі өрт кезінде ғимараттан секіріп, кейбіреулер түтіннен тұншығып мерт болғаны жайлы ақпарат таратты. Министрліктің дерегі бойынша, қала ауруханаларына түрлі дәрежедегі жарақат алған 170-тен аса адам түскен.

Жұма күні Одессада Майдан және «Правый сектор» белсенділері ұйымдастырған «Украинаның тұтастығы үшін» шеруіне футбол фанаттары да қолдау білдіріп шыққан болатын.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Одессадағы қайғылы оқиғаларға байланысты жұма күні арнайы мәлімдеме жасады.

«АҚШ Одессада құрбан болғандардың қазасына Украина халқымен бірге қайғырады. Халықаралық қауымдастық бүгінде осы қайғылы жайтты басынан өткеріп отырған украин халқына қолдау көрсетуге ынтымақтасуы тиіс. Мағынасыз анархия мен зорлық-зомбылыққа көнуге болмайды. Біз барлық тараптарды бірлесе тыныштық пен тәртіпті қалпына келтіруге күш біріктіруге шақырамыз, сонымен бірге Украина үкіметін болған оқиғаға жан-жақты тергеу жүргізіп, кінәлілердің барлығын жауапқа тартуын сұраймыз» делінген АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдемесінде.
XS
SM
MD
LG