Accessibility links

Краматорскіні үкімет күштері бақылауына ала бастады


Краматорскіде жүрген украин әскерилері. 2 мамыр 2014 жыл.

Краматорскіде жүрген украин әскерилері. 2 мамыр 2014 жыл.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков 3 мамырда үкімет күштері жүргізген арнайы операция нәтижесінде Краматорск қаласында Украина қауіпсіздік қызметі бөлімінің ғимараты бақылауға алынғанын хабарлады.

Мұның алдында Аваков қала әуежайы мен телемұнараның үкімет күштері бақылауына алынғанын мәлімдеген. Үкімет күштері бұған қоса қала маңында сепаратистер құрған барлық блок-посттарды да алған.

Жергілікті телеарна эфирінде қалада бронды әскери техникалар жүргені туралы кадрлар көрсетілді.

Краматорск сепаратистер бекінген қала - Славянскіден оңтүстікке қарай орналасқан.

Славянскіде 25 cәуір күні сепаратистер тұтқынға алған ЕҚЫҰ-ның әскери бақылаушылары 3 мамыр күні босатылған еді. Бақылаушылар Ресейдің ЕҚЫҰ-дағы өкілі Владимир Лукиннің араласуымен босатылған.
XS
SM
MD
LG