Accessibility links

Босатылған ЕҚЫҰ бақылаушылары Берлинге жетті


Сепаратистер ұстаған ЕҚЫҰ бақылаушылары баспасөз жиынында отыр. Сол жақ шеттегі - өзін өзі Славянскінің мэрі деп жариялаған Вячеслав Пономарев. Славянск, 27 сәуір 2014 жыл.

Сепаратистер ұстаған ЕҚЫҰ бақылаушылары баспасөз жиынында отыр. Сол жақ шеттегі - өзін өзі Славянскінің мэрі деп жариялаған Вячеслав Пономарев. Славянск, 27 сәуір 2014 жыл.

Украинаның шығысында бірнеше күн ресейшіл сепаратистер тұтқынында болып, 3 мамыр күні босатылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) жеті әскери бақылаушысы сол күні кешке Берлинге жетті.

Германия қорғаныс министрі Урсула вон дер Лайен "ЕҚЫҰ бақылаушыларының мұнда аман-есен жеткеніне жаны жай тауып отырғанын" айтты.

ЕҚЫҰ-ның жеті бақылаушысы мен оларға еріп жүрген Украинаның бес офицерін 25 сәуірде Славянск қаласында ресейшіл сепаратистер "тыңшылар" деген күдікпен ұстаған еді. ЕҚЫҰ бақылаушылары мен Украина әскерилері 3 мамыр күні Ресей президентінің өкілі Владимир Лукиннің араласуымен босатылған.
XS
SM
MD
LG