Accessibility links

"Қазақмыс" кенішінде апаттан бір адам мерт болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Шығыс Қазақстан облысында "Қазақмыс" корпорациясына қарасты Юбилейная-Снегирихинский шахтасында мамырдың 3-іне қараған түні апаттан бір кенші қаза тауып, екі кенші зардап шекті деп хабарлады бүгін Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі.

"Шахтада бекіту жұмыстарын жүргізу кезінде төбедегі тау жынысы құлап, үш кенші үйінді астында қалған. Олардың біреуі - 30 жастағы кенші оқиға орнында қаза тауып, екеуі ауруханаға түсті" дейді министрлік.
XS
SM
MD
LG