Accessibility links

Мустафа Джемилевті Қырымға тағы кіргізбеді


Джемилевті Қырымға кіргізбеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:47 0:00

ВИДЕО: Мустафа Джемилевті Қырымға кіргізбеді. 3 мамыр 2014 жыл.

Қырымның өзін өзі жариялаған билігі қырым татарларының басшысы Мұстафа Джемилевті сенбі күні Қырымға кіргізбеді.

Бұның алдында, 2 мамыр күні оған Мәскеуден Симферопольге ұшып баруға рұқсат бермей қойған еді. Бұдан соң Киевке ұшып барған Джемилев сол жерден Қырымның әкімшілік шекарасымен шектес Армянск қаласына көлікпен жеткен.

Мыңдаған қырым татарлары 3 мамыр күні Мұстафа Джемилевті қарсы алу үшін Армянскіге барған. Олар арнайы жасақтың бөгетін бұзып өтіп, жетекшілерінің Қырымға жіберілуін талап еткенімен, ресейлік шекарашылар Джемилевті кіргізуден бас тартты.

Қырым татарлары Меджилисінің басшылығы бұған қарсылық ретінде жақтастарын түбекте жолдарды жабуға шақырған.

Қырым басшысының міндетін атқарушы Сергей Аксенов 2 мамырда Мустафа Джемилев "батыс елдерінің арнайы қызметінің тапсырмасымен түбекті тұрақсыздандыру мақсатымен бармақ болды" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG