Accessibility links

Керри мен Лавров Украина жайлы сөйлесті


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 17 сәуір 2014 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Женева, 17 сәуір 2014 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефон арқылы Украинадағы шиеленіскен жағдайды талқылады.

Әңгімеде Керри Лавровқа 3 мамыр күні ресейшіл топтар кепілде ұстаған ЕҚЫҰ әскери бақылаушыларының босатылғанын құптайтынын, бірақ Ресейдің Украинаның шығысындағы үкімет ғимараттарын басып алған ресейшіл сепаратистерді қолдауды тоқтатуы ең маңызды нәрсе болып отырғанын айтты,

Лавров Керриге Вашингтон Киевті "көтерілісшілерге" қарсы әскер қолданбауға "көндіруге ықпал етуі тиіс" екенін жеткізген.

Лавров бұдан өзге Женевада жасалған келісімнің орындалуы және елде алдымен конституциялық реформалар жүргізу жөнінде ұлттық диалог өткізудегі ЕҚЫҰ рөлін арттыруға шақырған.

Ресей сыртқы істер министрлігі 3 мамыр күні Лавров пен Швейцария президенті Дидье Буркхальтер "Женева келісімін толық орындау қажет" деген ұйғарымға келгендерін хабарлаған.
XS
SM
MD
LG