Accessibility links

Қазақстан Украинада Женева келісімін орындауға шақырды


Қақтығыстардан кейінгі Одесса. 3 мамыр 2014 жыл.
Қақтығыстардан кейінгі Одесса. 3 мамыр 2014 жыл.
Қазақстан Украинадағы жағдайлардың шиеленісуіне, әсіресе Одесса, Славянск және Краматорск қалаларындағы зорлық-зомбылықтың өсуіне алаңдаушылық білдірді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі бүгін таратқан арнайы мәлімдемесінде бұл қалалардағы оқиғалардан адам қазасы болғанына өкініш білдіріп, "барлық қарсыласушы жақтарды зорлық-зомбылықтан және жағдайды шиеленістіруден бас тартуға" шақырады.

"Қазіргі міндет - қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен реттеуге және жағдайды тез арада тұрақтандыруға күш салуда. Біз барлық мүдделі тараптарды 17 сәуірде Женевада жасалған келісімді орындауға шақырамыз. Соңғы күндердегі оқиғалар Украинада қауіпсіздік пен тұрақтылықты, бейбітшілікті қалпына келтіруге берілген дабыл болуы тиіс деп сенеміз" делінген мәлімдемеде.

Соңғы күндері Украинадағы жағдай шиеленісіп кетті. 2 мамыр күні елдің күш құрылымдары антитеррористік операциялар ауқымын кеңейтіп, ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Славянск қаласына шабуыл бастады. Сол күні кешке Одессада Украинаның біртұтастығын қолдаушылар мен ресейшіл белсенділер арасындағы қақтығыстар салдарынан қырыққа жуық адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.

3 мамырда украиналық күштер Краматорск қаласына шабуыл бастады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол қалада қаза тапқандар да бар.
XS
SM
MD
LG