Accessibility links

Краматорскіде қоғамдық көлік тоқтап тұр


Краматорскіде жүрген ресейшіл сепаратистер. 2 мамыр 2014 жыл.

Краматорскіде жүрген ресейшіл сепаратистер. 2 мамыр 2014 жыл.

Краматорскіде украиналық күш құрылымдарының жергілікті сепаратистік топтарға қарсы арнайы операциясы жалғасып жатыр.

Ақпарат құралдары қаза тапқандардың саны туралы әртүрлі мәлімет беріп жатыр. Кейбір ақпараттар бойынша, қақтығыстардан жетіден тоғызға дейін адам қаза тапқан, олардың арасында екеуі - украиналық әскерилер.

Қаланы қазір ішкі істер министрлігі мен қорғаныс министрлігі әскері бақылауға алған. Бірақ, қала көшелерінде кейбір жекелеген қарулы топтардың әрекет етіп жүргені туралы дерек бар.

Қаладағы жағдайдан хабардар етіп отыратын Краматорскінің ресми сайтында бүгін осымен үшінші тәулік бойы қоғамдық көлік тоқтап тұрғаны, қалада ресейлік телеарналардың хабары тоқтатылып, украиналық телеарналар жұмысын қайта бастағаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG