Accessibility links

Ливияда премьер-министр тағайындалды


Ливия туын ұстап отырған әйелдер. (Көрнекі сурет)
Ливия туын ұстап отырған әйелдер. (Көрнекі сурет)
Ливия парламенті дауыс беру нәтижелеріне байланысты туындаған дауларға қарамастан 42 жастағы бизнесмен Ахмед Матикті премьер-министр етіп тағайындады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Матиктің кандидатурасын парламенттегі 185 депутаттың 113-і ғана жақтаған, ол қажетті 121 дауысты жинай алмаған.

Кейінірек депутаттар дауыстардың қайта саналғанын айтып, оның нәтижесінде Матикті "121 депутаттың қолдап шыққаны" белгілі болғанын хабарлады. Матик саяси қарсыласы, университет профессоры, исламшыл блок қолдайтын Омар әл-Хасиден басым түскен.

Ахмед Матик енді екі апта ішінде жаңа үкімет құрамын жасақтауы тиіс.
XS
SM
MD
LG