Accessibility links

Қырым татарлары меджлисіне жойылу қаупі туды


Қырым татарлары меджлисіне прокурор ескертуі
please wait

No media source currently available

0:00 0:06:30 0:00

ВИДЕО: Қырым татарлары меджлисіне прокурор ескертуі. 4 мамыр 2014 жыл.

Егер мүшелері "экстремистік іс-әрекеттерге" қатысса Қырым татарлары меджлисі жойылуы мүмкін. Ресей өзіне қосып алған Қырымның бас прокуроры Наталья Поклонская меджлис төрағасы Рефат Чубаровқа осындай ескерту жасап, оны 3 мамыр күні Мустафа Джемилевті қолдаған "заңсыз шеру ұйымдастырды" деп айыптады.

Қырым татарлары өз жетекшілері, Украина парлмаментінің мүшесі Мустафа Джемилевті еліне кіргізбей қойған Қырым билігіне наразылық білдірген еді.

2 мамырда Джемилевтің Мәскеуден Симферопольге ұшып баруына рұқсат етілмеген соң, ол Мәскеуден Киевке ұшып барып, сол жерден Қырымның әкімшілік шекарасымен шектес Армянск қаласына көлікпен жеткен.

3 мамыр күні мыңдаған татарлар шекарадағы бақылау-өткізу бекетінде Джемилевті қарсы алу үшін Ресей сарбаздарының қоршауын бұзып өткен еді.
XS
SM
MD
LG