Accessibility links

Путин мен Меркель Украина жағдайын талқылады


Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.

Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин мен Германия канцлері Ангела Меркель 4 мамыр күні телефонмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылады.

Кремль таратқан ақпаратына қарағанда, Меркель Украинаның шығысында ұсталған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) әскери бақылаушыларының босатылуына Ресейдің "ықпал еткенін құптайтынын" білдірген.

Меркель мен Путин 2 мамыр күні Варшавада Ресей, Украина және Еуропа Одағы өкілдерінің арасында өткен келіссөздер бойынша Ресей газын тасымалдау мәселесі жөнінде пікір алмасқан. Варшавадағы келіссөздер қорытындысында Ресей жағы мамыр айының соңына дейін Украина мен Еуропа Одағы елдерін газбен үздіксіз қамтамасыз етіп тұруға кепілдік беретіні хабарланған еді.

Кремль баспасөз қызметі бұған қоса 7 мамыр күні Мәскеуге ЕҚЫҰ-ның биылғы төрағасы Швейцария президенті Дидье Буркхальтер келетінін де хабарлаған.
XS
SM
MD
LG