Accessibility links

Турчинов: Ресей Украинамен соғыс жағдайында тұр


Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов.
Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов.
Украина президенті міндетін атқарушы Александр Турчинов "Ресей Украинамен соғыс жағдайында тұр" деп мәлімдеді.

4 мамыр күні Украинаның Channel 5TV телеарнасына берген сұхбатында Турчинов Украинаның шығысы мен оңтүстігіндегі жағдайды "түгелдей тұрақсыздандыруға" тырысып отыр деп Мәскеуді айыптады. Ол Ресейдің Одессаны "басты нысанаға алып отырғанын" да айтты.

"Бірақ Одессаны тізе бүктіртпек болып зорлық-зомбылық ұйымдастырған жергілікті арандатушылар мен сепаратистердің іс-әрекетіне патриот украиналықтар тосқауыл қойды" деген Турчинов.

Оның айтуынша, Одессада 2 мамыр күні зорлық-зомбылық ұйымдастырған ресейшіл белсенділер арасында "Ресей төлқұжаты бар адамдар мен Молдованың сепаратистік Приднестровье аймағынан келгендер" де болған.

Украина басшысы бұған қоса елдің оңтүстік және шығыс аймақтарында "полиция сепаратистік топтарға болысады" деді.
XS
SM
MD
LG