Accessibility links

Нью-Йоркте Иранға қатысты кеңес басталады


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысы. (Көрнекі сурет)

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысы. (Көрнекі сурет)

Нью-Йоркте бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше елдер мен Германия сарапшылары Иран өкілдерімен Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты консультацияларын бастайды.

Бұған дейін жасалған уақытша келісім бойынша, 20 шілдеге дейін Иранмен оның ядролық бағдарламасындағы жұмыстарын азайтуға бағытталған ұзақ мерзімді келісім жасалуы тиіс. 13 мамыр күні Венада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты министрлер қатысатын кездесу өтпек.

4 мамыр күні Тегеран осы аптада Иранға Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) инспекторларының кіруіне келісім беретінін білдірген. Жоспар бойынша, МАГАТЭ инспекторлары бүгін және ертең, 6 мамыр күні уран концентратын өндіретін зауыт пен Йезд провинциясындағы уран кенішін тексеріп шықпақ.

Батыс елдері Иранды ядролық қару жасауға ұмтылады деп күдіктенеді. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатқа құрылған деп, оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG