Accessibility links

Одессада ұсталған 40 адам басқа облысқа ауыстырылды


Ресейшіл белсенділер 2 мамырда ұсталғандарды босатуды талап етіп тұр. Одесса, 4 мамыр 2014 жыл.

Ресейшіл белсенділер 2 мамырда ұсталғандарды босатуды талап етіп тұр. Одесса, 4 мамыр 2014 жыл.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков Одессада 2 мамыр күні болған қырғынға байланысты ұсталған 40-тан астам адамның Украинаның орталық облыстарының біріне ауыстырылғанын хабарлады.

Facebook-тегі парақшасында Аваков Одессаға ішкі істер министрлігінің "Киев-1" арнайы мақсаттағы бөлімшесі барғанын жазған. Арнайы бөлімше таяуда азаматтық белсенділерден құралған. Бөлімді Одессадан шыққандар басқарады.

2 мамыр күні Одессада жаппай тәртіпсіздіктер мен Кәсіподақтар үйінен шыққан өрт салдарынан 46 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған еді. Тәртіпсіздіктерден соң 130 адам ұсталған.

4 мамыр күні Одессада милиция ресейшіл белсенділердің талабымен ұсталған 67 адамды босатып жіберген. Бірақ Одесса облыстық прокуратурасы тұтқындарды босату туралы шешім өзінің келісімінсіз жасалғанын мәлімдеді. Арсен Аваков Одесса ішкі істер басқамасының басшылығын толық құрамда қызметтен босатты.
XS
SM
MD
LG