Accessibility links

Словения премьер-министрі отставкаға кетпек


Отставкаға кетуге өтініш берген Словения премьер-министрі Алена Братушек.
Отставкаға кетуге өтініш берген Словения премьер-министрі Алена Братушек.
Словения премьер-министрі Алена Братушек бүгін отставкаға кетуге өтініш беріп, мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуге шақырды.

44 жастағы әйел премьер Алена Братушек бұған дейін партия жетекшілігіне қайтадан сайлана алмай, дауыс беруде жеңіліп қалған еді. Партия жетекшісі болып ел астанасы Любляна қаласының мэрі Зоран Янкович сайланған. Бүгін ол парламент спикеріне отставкаға кететіні туралы өтінішін тапсырды.

Братушек егер партиясының қолдауына ие бола алмаса, үкіметті басқара алмайтынын мәлімдеген.

Зоран Янковичтің үстінен қазір коррупциялық қылмыс бойынша тексеру жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG