Accessibility links

ОҚО-да 29 жүк вагоны рельстен шығып кетті


Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында 5 мамыр күні 29 жүк вагоны рельстен шығып кетті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Шымкент қаласынан шамамен 40 шақырым қашықтықта, Ордабасы ауданында Черноводский-Бадам өткеліне жақын маңда Шу - Арыс бағытындағы жүк пойызының 29 вагоны рельстен шығып кеткен. Жүк пойызы күкірт қышқылы, құрылыс материалдары, контейнертасығыш, астық тиеп келе жатқан. Апат салдарынан 150 метрге жуық темір жол бөлігі және контактілі желінің 4 бағаны зақымданған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, апат салдарын жою жұмыстарына 240 адам мен 22 техника, 2 қалпына келтіру және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Қазақстан теміржолдарында соңғы кездері жолаушы және жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кету оқиғалары жиіледі.
  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG