Accessibility links

Сирия оппозициясы АҚШ-та елшілік өкілдігін ашпақ


Сирия оппозиция кеңесінің жетекшісі Ахмад Жарба.

Сирия оппозиция кеңесінің жетекшісі Ахмад Жарба.

АҚШ үкіметі Сирия оппозициясының Вашингтонда дипломатиялық өкілдігін ашуын мақұлдады. 5 мамырда АҚШ мемлекеттік департаменті Сирия оппозициясы кеңесінің мәртебесін көтеретіні туралы мәлімдеді.

Вашингтон 2012 жылы желтоқсанда Сирия оппозициясы кеңесін Сирия халқының заңды өкілі деп танығаннан бері Сирия оппозициясының Вашингтонда сыртқы байланыстар жөніндегі кеңсесі ғана жұмыс істеген.

Вашингтон Сирия оппозициясының мәртебесін Сирия оппозиция кеңесінің басшысы Ахмад Жарбаның АҚШ-қа алғашқы ресми сапары қарсаңында беріп отыр.

Жарбаның мәлімдеуінше, Вашингтонның бұл қадамы Сирия президенті Башар Асадтың билігіне "дипломатиялық соққы" болып тиеді.

8 мамырда Ахмад Жарба АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездеседі.

АҚШ Сирия оппозициясына берілетін әскери емес көмек көлемін 27 миллион АҚШ долларына дейін көбейту ниеті барын да білдірді.
XS
SM
MD
LG